Талдықорғаннан табысты оралды
Талдықорғаннан табысты оралды
Бұл сында Ерасыл Балғабайдың (41кг) бабы келіскенімен, бағы жанбады. Олай дейтініміз, жас спортшы ақтық сынға дейін сүрінбей келіп, финалда ғана қарсыласына жол берді. Осылайша, Ерасыл балуан алтынға бергісіз күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Юсиф Ашпаров (63кг) пен Төлеген Әмірханов (67кг) және Нұрасыл Қалмаханбетов (82кг) қола жүлдені қанағат тұтты. «Ел чемпионатына барлық өңірлердің спортшылары тыңғылықты дайындалатыны анық. Ешкім жеңісті қолдан бергісі келмейді. Өз кезегінде біз үміт артқан спортшыларымыз сенім үдесінен шықты. Қоржынымызда алтын да, күміс те, қола да бар. Әрине, аталған ел біріншілігінде кейбір шәкірттеріміз қателікке бой алдырды. Алдағы айтулы жарыстарда сол қателіктермен жұмыс істеп, жеңіс тұғырынан көрінуге күш саламыз, – деді жаттықтырушы Нұрлыбек Даулыбаев.
Әшірәлі КЕНЖЕҚАРА,
Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының қызметкері.