Саясат

Н.Назарбаев Түркіменстанға ресми сапармен келді

Н.Назарбаев Түркіменстанға ресми сапармен келді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бүгін Қазақстан  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстанға ресми сапармен келді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сапар барысында Түркіменстанның жоғарғы басшылығымен келіссөздер жоспарланған.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстан Президенті Гурбанғұлы Бердімұхамедовпен және Иран Президенті Хасан Руханимен бірге «Өзен-Берекет-Горган» халықаралық теміржол магистралінің ашылуы салтанатына қатысады.

kazinform.kz