Полиция қызметкері екі баланы құтқарып қалды
Полиция қызметкері екі баланы құтқарып қалды
Қайрат Тұрлыбаев тез арада суға секіріп, балаларды бірінен соң бірін аман алып шығады. Мұнан соң, 9-10 жастағы екі ұл баланы мекенжайларына жеткізіп, ата-анасына табыстайды. Өз кезегінде перзенттерін бір ажалдан құтқарған ата-ана тәртіп сақшысына алғыстарын айтып қала береді. Ал полиция қызметкері өз қызметіне қайта кірісіп кетеді. Уақыт өте әлеуметтік желілерде ерлік істері үшін марапатталған полиция қызметкерлерін көрген әлгі балалардың ата-аналары аталған полиция қызметкеріне де ел алдында алғыс бiлдiруді жөн санайды. Осы мақсатта Қайрат қызмет ететін полиция бөліміне қоңырау шалып, орын алған тосын жай туралы баяндап берген. Олар екі баланың өмірін құтқарған құқық қорғау қызметкерінің антына адалдығына тәнті екендіктерін айтып, басшылығы тарапынан марапатталса деген тілегін жеткізді. Айта кетейік, Қайрат Тұрлыбаев Тараз қалалық полиция басқармасына қарасты жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы болып еңбек етеді.
Есен ӨТЕУЛІ