- Advertisement -

Аса ірі көлемде «гашиш» есірткісі тәркіленді

60

- Advertisement -

Өңірлік полиция департаментіне бағынысты есірткі қылмысына қарсы күрес іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын сақтады деген күдікпен Шу ауданы, Бірлік ауылының 54 жастағы тұрғынын ұстады. Күдіктінің үйін тінту кезінде жазғы ас үйден қара-жасыл түсті ұнтақ заты бар 2 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 4 келі 65 грамм болатын «гашиш» есірткісі екені анықталып отыр.

– Күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 296-бабының 4-бөлігімен (есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Азаматтың қылмысы дәлелденген жағдайда оған 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза берілуі мүмкін, – деді есірткі қылмысына қарсы күрес іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support