Саясат

Н.Назарбаев: Қазақстан мен Түркіменстан сауда, саяси және мәдени байланыстарын одан әрі арттыруы тиіс

Н.Назарбаев: Қазақстан мен Түркіменстан сауда, саяси және мәдени байланыстарын одан әрі арттыруы тиіс

АШХАБАД. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың екіжақты кездесуі өтті. 

Кездесу барысында екі ел басшылары түрлі салалардағы екі ел арасында дамып келе жатқан қарым-қатынастардың артып келе жатқанын тілге тиек етіп, барлық бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға ниетті екендіктерін танытты.

«Сауда-экономикалық қарым-қатынастарымыз жақсы дамып келеді, жақсы беталыстарымыз да бар, біздің жақсы қорларымыз да бар. Сіздің сапарыңыздың алдында іскерлік орта кездесулері болды, олар біздің елдердің арасында тауар айналымы көлемін арттыру үшін көптеген сәйкестіктерді айқындады», - деді Г.Бердімұхамедов. Өз кезегінде, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстанның Қазақстанның стратегиялық әріптесі болып табылатынын және біздің елдеріміздің екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастарды нығайтатын әрі халқымыздың игілігіне қызмет ететін біріккен халықаралық жобаларды жүзеге асыруға кірісіп кеткенін де атап өтті. Атап айтқанда, ҚР Президенті «Өзен-Берекет-Горган» теміржол магистралының ашылуының маңыздылығын атап өтті, оның іске қосылу салтанатына екі ел басшылары қатыспақ. «Түркіменстан Қазақстан үшін жақын көршіміз ретінде зор мәнге ие. Қазақстан мен Түркіменстан арасында жолдың салынуына байланысты биылғы жылы тауар айналымы 38%-ға артты, бұрын мұндай болмаған еді. Мен сауда, саяси, мәдени қарым-қатынастарымызды одан әрі дамыту үшін тағы да күш салуымыз керек деп санаймын», - деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстан мен Түркіменстанның халықаралық саясат мәселелеріндегі ұстанымдарының жақындығын атап өтті.

kazinform.kz