Қылмыс хроникасы: 10 қылмыстың ізі суымай ашылды
Қылмыс хроникасы: 10 қылмыстың ізі суымай ашылды
Облыс аумағында жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлік басқарған 12 мас жүргізушіні анықтады. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, олардың барлығы масаң күйде екені белгілі болған. Оларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған. Атап өтерлігі, осы баптың санкциясы 15 тәулікке қамауға алуды және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын қарастырады. Жалпы, полиция қызметкерлері жедел алдын алу шарасы барысында саяжай алқаптарын, қараусыз қалған және құрылысы тоқтатылған нысандарды, сондай-ақ, үй шатырлары және жертөле жайларын тексерген. Бұдан бөлек, базарлар мен басқа да сауда орындарына, қолайсыз отбасыларға, жастар мен кәмелетке толмағандардың көп шоғырланатын орындарына тексеру жұмыстары жүргізілген.
Есен ӨТЕУЛІ