Саясат

Мемлекет басшысының атына Түркия Президенті Режеп Таийп Ердоғанның алғыс хаты келіп түсті

The final spritzer

Мемлекет басшысының атына Түркия Президенті Режеп Таийп Ердоғанның алғыс хаты келіп түсті

Түркия Президенті Режеп Таийп Ердоған өзінің хатында Түркияның  Қахраманмараш провинциясы мен басқа да елді мекендеріне орасан зор зардабын тигізген жойқын жер сілкінісіне байланысты бауырлас елдің қайғысына ортақтасып, көңіл айтқаны, сондай-ақ жедел көмек көрсеткені үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркия халқының  және жеке өзінің атынан алғыс айтқан.

Сонымен қатар Режеп Таийп Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа және  достас әрі бауырлас Қазақстан халқына амандық пен бақ-береке тіледі.

Akorda.kz