- Advertisement -

Медициналық әлеуметтік сараптамада қолданылатын жіктеудің түрлері қандай?

137

- Advertisement -

Елімізде медициналық әлеуметтік сараптама жүргізу барысында қолданылатын ағзаның негізгі функцияларының бұзылуын және тіршілік тынысының шектелуін жіктеудің бірнеше түрі бар.

Адам организмінің негізгі функцияларының бұзылуын жіктеуге мыналар жатады: организмнің психикалық функцияларының бұзылуы (аңғару, зейін, еске сақтау, ойлау, сөйлеу, эмоциялар, жігер, парасат, сана, мінез-құлық, психомоторлық функциялар); сезіну функцияларының бұзылуы (көру, есту, иісті сезу, түйсіну және сезімталдықтың бұзылуы); статикалық-динамикалық функциялардың (бастың, кеуденің, аяқ-қолдың қозғалу функцияларының, статиканың және қозғалыс үйлесімдігінің) бұзылуы; қан айналымы, тыныстау, ас қорыту, сыртқа шығару, зат пен энергия алмасу, ішкі секреция, қан түзілуі, иммунитет функцияларының бұзылуы.

Организм функцияларының бұзылуын біліну дәрежесіне қарай жіктеуге функциялардың шамалы білінетін бұзылуы; функциялардың орташа білінетін бұзылуы; функциялардың айқын білінетін бұзылуы; функциялардың едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылуы жатады.

Тіршілік-тынысының негізгі санаттарын жіктеуге жататындар: өзін өзі күту қабілеті – негізгі физиологиялық қажеттіктерін өз бетімен қанағаттандыра алу, күнделікті тұрмыстық әрекет жасау және жеке гигиена дағдыларын орындай алу қабілеті; өз бетімен жүріп-тұру қабілеті – кеңістікте өз бетімен қозғала алу, кедергілерден өту, өзі орындайтын тұрмыстық, қоғамдық, кәсіптік қызметтер шегінде денесін тепе-тең қалпында ұстай білу қабілеті; оқу қабілеті – білімді қабылдап және түсіне алу, дағдылар мен машықтарды игеру қабілеті, сондай-ақ білім беру мекемелерінде оқу мүмкіндігі; еңбек қызметіне қабілеті – жұмыстың орындалу мазмұнына, көлеміне және шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес іс-әрекетті жүзеге асыру қабілеті; бағдарлана білу қабілеті – уақытта және кеңістікте бағдарлана білу қабілеті; қарым-қатынас жасау қабілеті – адамдар арасында ақпаратты қабылдау, қайта өңдеу және алмасу жолымен қарым-қатынас орнату қабілеті; өзінің жүріс-тұрысын бақылау қабілеті – өзін сезіне білу және әлеуметтік-құқықтық нормаларды ескере отырып барабар мінез-құлыққа қабілеті; ойын және танымдық қызметке қабілеті – құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасау, алатын тәжірибесінің болмысы мен елесін талдау қабілеті, бала жаста жас ерекшеліктерін ескере отырып оқу және даму қабілеті; белсенді қозғалу қабілеті – баланың денесінің жай-күйін өзгерту, кеңістікте қозғалу арқылы әртүрлі қимылдарды орындау, объектілердің орнын ауыстыру, қозғалту немесе манипуляциясы, жүру, жүгіру, кедергілерден өту және әртүрлі көлік түрлерін пайдалану қабілеті.

Тіршілік-тынысының шектелуін біліну дәрежесіне қарай жіктеуге жататындар мыналар: өзіне өзі қызмет көрсету қабілетінің шектелуі (бірінші дәреже – көмекші құралдарды пайдалана отырып, өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті; екінші дәреже – көмекші құралдарды пайдалана отырып және өзге адамдардың көмегімен өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті; үшінші дәреже – өзін өзі күтуге қабілетінің болмауы және басқа адамдарға толық тәуелді болуы); өз бетімен жүріп-тұру қабілетінің шектелуі (бірінші дәреже – қажет кезінде көмекші құралдарды пайдалана отырып, неғұрлым көп уақыт жұмсап және қашықтықты қысқарту арқылы өз бетімен жүріп-тұру қабілеті; екінші дәреже – көмекші құралдарды пайдалана отырып және басқа адамдардың көмегімен өз бетімен жүріп-тұру қабілеті; үшінші дәреже – өз бетімен жүріп-тұруға қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелді болуы); оқуға қабілетінің шектелуі (бірінші дәреже – оқу процесінің арнайы режимін сақтай отырып және қосымша құралдарды пайдалана отырып жалпы үлгідегі оқу орындарында оқуға қабілеттілігі; екінші дәреже – тек арнайы оқу орындарында немесе арнайы бағдарламалар бойынша үй жағдайында және\немесе көмекші құралдарды пайдалана отырып және өзге адамдардың көмегімен оқуға қабілеттілігі; үшінші дәреже – білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға қабілетсіздігі); еңбек қызметіне қабілетінің шектелуі (бірінші дәреже – біліктілігін төмендеткен немесе өндірістік қызметтің көлемін азайтқан жағдайда, еңбек қызметін орындауға қабілеті, өз мамандығы бойынша жұмысты орындау мүмкіндігінің болмауы; екінші дәреже – көмекші құралдарды пайдалана отырып, арнайы жасалған жағдайларда және арнайы жабдықталған жұмыс орындарында және басқа адамдардың көмегімен еңбек қызметін орындауға қабілеті; үшінші дәреже – еңбек қызметіне қабілетсіздігі); бағдарлануға қабілетінің шектелуі (бірінші дәреже – көмекші құралдарды пайдаланған жағдайда бағдарлай білуге қабілеті; екінші дәреже – қажет кезде көмекші құралдарды пайдалана отырып, басқа адамдардың көмегін талап ететін бағдарлануға қабілеті; үшінші дәреже – бағдарлануға қабілетсіздігі); қарым-қатынас жасау қабілетінің шектелуі (бірінші дәреже – ақпаратты меңгеру, қабылдау және беру жылдамдығының төмендеуімен, көлемінің кішіреюімен сипатталатын қарым-қатынас жасау, қажет кезінде көмекші құралдарды және ымдау тілі маманының қызметін пайдалану қабілеті; екінші дәреже – көмекші құралдарды пайдалана отырып және басқа адамдардың көмегімен қарым-қатынас жасауға қабілеттілігі; үшінші дәреже – қарым-қатынас жасауға қабілетсіздігі); өзінің мінез-құлқын бақылау қабілетінің шектелуі (бірінші дәреже – өзінің мінез-құлқын өз бетімен бақылау қабілетінің ішінара төмендеуі; екінші дәреже – өзінің мінез-құлқын тек қана бөгде адамдардың көмегімен ішінара немесе толық бақылау қабілеті; үшінші дәреже – өзінің мінез құлқын бақылау қабілетсіздігі); ойын және танымдық қызметке қабілетінің шектелуі (бірінші дәреже – организмнің қандай да бір жүйесінде баланың одан әрі дамуын және әлеуметтік-рөлдік ұстанымының қалыптасуын шамалы дәрежеде қиындататын кемістіктің болуына орай ойын қызметі белсенділігінің төмендеуі.

Орнын толтыру құралдары мен түзеу әдістерін қолданудың қажеттігі. Жүзеге асырылу процесіне баса назар аударуды және жеке тәсілді талап ететін танымдық және ойнау қызметі; екінші дәреже – уәждеменің едәуір төмендеуіне немесе организмнің негізгі жүйелерінің айқын функционалдық жеткіліксіздігіне немесе соматикалық денсаулықтың бұзылуына орай танымдық және ойын қызметін нәтижелі жүзеге асырудың мүмкін болмауы.

Орнын толтыру құралдары мен түзеу әдістерін қолданудың тиімсіздігі; үшінші дәреже – ойын қызметіне қабілетінің болмауы немесе өте айқын төмендеуі және басқа адамдарға толық тәуелділік); қозғалыс белсенділігіне қабілетінің шектелуі (бірінші дәреже – жүру ұзақтығының қысқаруы және сапасының нашарлауы, өздігінен жүріп-тұруға жалпы қабілетінің сақталуы кезінде қарапайым орнын толтыру құралдарын немесе тіректі пайдалану, жекелеген қозғалу актілерін орындау немесе жасына қарай көзделген қашықтықты еңсеру кезінде тұрақты көмекті пайдалану аясында еңсеретін қашықтық алыстығының азаюы. Ұсақ манипулятивтік қозғалыстардың дамуы екі эпикриздік мерзімге артта қалған, дене жағдайын ұстау қабілетінің төмендеуі қосымша фиксация құралдарын пайдалану қажеттілігінсіз қозғалу режимінің сақталуын талап етеді; екінші дәреже – жүру арқылы қашықтыққа қозғалыстың көмекші құралдар орнын толтыра алмайтындай бұзылуы.

Қозғалыс кезінде ересектер тарапынан тұрақты көмек қажет, денені белгілі бір жағдайда ұстап тұру қабілетінің шектелуі фиксацияның, түзеудің әдістері мен басқа да қосымша тәсілдерін талап етеді. Тепе-тең қозғалу сапасының өте айқын төмендеуі мен санының азаюы, манипулятивтік қозғалыс дамуының айқын бұзылушылығы байқалады; үшінші дәреже – кеңістікте қозғалу, дене жағдайын сақтау мен манипулятивтік қызмет қабілетінің өте айқын шектелуі немесе толық болмауы. Қозғалыс функциясын сырттан тұрақты күтіммен немесе көлік құралын (кресло-арба) пайдалану есебінен толық ауыстыру, сондай-ақ толық көлемдегі тұрақты қосымша күтім қажет).

 

Марал МОЛДАБЕКОВА,

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support