Жамбыл облыстық мәслихатының жаңа құрамы жұмысқа кірісті
Жамбыл облыстық мәслихатының жаңа құрамы жұмысқа кірісті
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен жаңа, сегізінші шақырылымдағы Жамбыл облыстық мәслихатының бірінші сессиясы өтті.
Жиынды облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов ашты. Ол 2023 жылғы 19 наурызда өткен сайлаудың қорытындылары, депутаттық корпустың сапалық құрамы туралы баяндады. Ал, аймақ басшысы жаңадан сайланған депутаттардың жұмыстарына табыс тіледі.
Облыс әкімі өз сөзінде 2025 жылға дейінгі облыстың даму жоспары аясында әлеуметтік мәселелерді шешу, инвестиция тарту бойынша алға қойылған міндеттерге де тоқталды.
Жаңадан сайланған депутаттардың бірауыздан қабылдаған шешімімен Абдалы Нұралиев облыстық мәслихаттың төрағасы болды. Сессияда мәслихаттың тұрақты комиссиялары да құрылып, олардың жетекшілері сайланды.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі