- Advertisement -

Жаңа жасақталған Мәжілістен күтеріміз көп

22

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VІІІ шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің жаңа депутаттары алдында сөз сөйлеп, Үндеу жариялағанын телеарнадан тыңдап, баспасөзден хабардар болдық. Әрине, Президент әр кезде өзінің бастамаларын халыққа ашық айтып, жариялап жүр. Бүгінгі сөзінің жөні бөлек. Себебі, жаңаша ойлап, өзгеше шешім қабылдай алатын Мәжіліске депутаттарды іріктеу үшін сайлау өтті. Сол халық таңдауынан сүрінбеген азаматтар Мәжіліс төріне отырды. Бұл – тарихи сәт.

Президент жаңадан мандат алған депутаттарға халық алдындағы жауапкершіліктерін сезіну, міндеттерін мүлтіксіз орындау, еліміздің дамуына әсері бар жаңа заңдарды қабылдауға ықпал жасау өзекті екенін ерекше айтты. Мемлекет басшысы әр депутатта зор жауапкершілік жүгі бар екенін, халықтың аманатына адал болу зор абырой екенін басымдық бере отырып, жеткізді.

Жасақталған жаңа Парламент Мәжілісі құрамынан біз де өзгеше серпіліс күтеміз. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыстарына да қолдау көрсетеді. Еліміздің достығы мен ынтымағына қатысты оң шешімдер қабылдайды деген сенімдеміз. Біз Ассамблея өкілдері Отанымыз – Қазақстанның гүлденуі мен даму жолында күш-жігерімізді жұмсай береміз. Мемлекеттің бірлігі мен тұтастығы – біз үшін қымбат. Осы жолда барлық азаматтарды белсенділікке шақырып, болашақтан ізгі үміт, сәттіліктер күтеміз. Осы жолда біздің өңірден сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттарына үлкен үміт артамыз. Лайықты азаматтардың халық қалаулысы болғанына көзіміз жетіп отыр. Сондай-ақ, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарға депутат болған мандат иелерін де ерекше құттықтап, жұмыстарына сәттілік тілейміз.

Осы сайлауда жеңіске жеткен халық қалаулылары қай кезде де жемісті жұмыс атқарады, аманатқа адал болады деген ойдамыз.

 

Мухабат ТҰРДЫЕВА,

облыстық Махмұт Қашқари атындағы Ұйғырлар этномәдени бірлестігінің төрайымы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support