- Advertisement -

Ауыл оқушыларын қанаттандырған жоба

101

- Advertisement -

Қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасын жиі салыстырамыз. Шалғай ауылда орналасқан мектептердің мәселесі шаш-етектен екені де шындық. Мектепте дұрыс білім ала алмаған бала тестілеуден сүрініп, жақсы оқу орнына түсе алмай жататын жағдайлар да жиі болады.

Осы мәселелердің алдын алу мақсатында құрылған IQanat білім беру қорының бүгінде ауыл балаларын жоғары оқу орнына түсіруге дайындайтын арнайы бағдарламасы бар. Өзін танытамын деген әр бала IQanat олимпиадасына қатыса алады. Биылғы сайыстың бірінші кезеңіне еліміздің 166 өңірінен 40 мыңнан астам ауыл оқушылары қатысыпты. Ал 17-28 наурыз аралығында өтетін 2-кезеңге 8 мыңнан астам оқушы жолдама алған. Енді екінші кезеңнің жеңімпаздары бүгін белгілі болып, жаз уақытында елордада өтетін ақтық кезеңге жиналады.

Финалдың барлық жеңімпаздары еліміздегі ең мықты дарындыларды дамыту мектептерінің бірі – IQanat High School of Burabay мектебіне қабылданатын гранттарға ие болады. Барлық жеңімпаздарға олимпиададан кейінгі 3 жылдық қолдау бағдарламасы негізінде ҰБТ-ға дайындық және шетелдің үздік жоғары оқу орындарына түсу, ең бастысы, ауыл оқушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру курстарына қатысуға жолдама беріледі. Көшбасшылық, мотивация, сыни ойлау, функционалдық сауаттылық сынды түрлі курстарға қатысу да қарастырылған.

Бүгінде облысымыз бойынша олимпиаданың 2-кезеңіне 10 ауданнан барлығы 738 ауыл балалары қатысты. Жобаның аймағымыз бойынша қамқоршысы – белгілі қазақстандық ірі кәсіпкер, Kusto Group Pte Ltd директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстандық жарыс федерациясының президенті Қанат Көпбаев.

Ауыл балаларын қолдау ниетімен біріккен 100-ден астам қазақстандық кәсіпкер қолдау көрсететін республикалық әлеуметтік білім беру жобасының балаларға берері көп. Осы бағдарламаның арқасында мыңдаған мектеп оқушысы мотивация мен қосымша білім алады, жүздеген оқушы Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантқа түседі.

 

Гүлжан РАХМАН

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support