- Advertisement -

Су каналдарын жөндеу жұмыстарымен танысты

50

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Байзақ және Жамбыл аудандарындағы су каналдарының жөндеу жұмыстарымен, вегетациялық кезеңге дайындығымен танысты.

Аймақ басшысы әуелі Байзақ ауданы Бурыл ауылдық округінің кіреберісіндегі «Өтеміс», «Сеңкібай» каналдарына барды.

Ұзындығы 21 шақырымнан асатын «Сеңкібай» каналы арқылы 4 мың гектардан астам аумақ суғарылады. Ал, ұзындығы 29 шақырымға жуық «Өтеміс» каналы арқылы 8 мың гектарға жуық алқап ылғалдандырылады.

Сондай-ақ, аудандағы 19 шақырымдық «Белхожа», 3,4 шақырымдық «Медеу», 8,77 шақырымдық «Свекловичная» каналдарының жөндеу жұмыстарының барысы да назарға алынды.

Облыс әкімі каналдарды реттеу, қалған бөліктерін жөндеу жұмыстарын сапалы әрі жеделдетіп аяқтауды тапсырды. «Жамбыл су қоймаларының» басшысы Нарбай Ергебековке 1 сәуірден бастап ауданға су беру керектігін жеткізді.

Сонымен қатар, Нұржан Нұржігітов «Қазсушар» РМК облыстық филиалы мен шаруалар арасында су жеткізу бойынша өзара келісімнің болуы маңызды екенін атап өтті. Егер де, «Қазсушар» РМК су жеткізу бойынша қиындықтарды алдын ала ескеріп, келісімге тұрмаса, онда шаруалар өз алқабына ылғалды аса қажет етпейтін дақыл түрлерін еккені жөн. Аймақ басшысы бұл келісімнің вегетациялық кезеңде екі тарап арасында түсінбеушілік туындамас үшін қажеттігін жеткізді.

Бұдан соң облыс әкімі Жамбыл ауданындағы «Қуат», «Қошан», «Жамбыл», «Мейірман», «Раис» каналдарының жөндеу жұмыстары мен «Сұлукөл» су қоймасының жай-күйімен танысты.

Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға жөндеу жұмыстарының сапасы мен уақытын және су қоймасының толтырылуын бақылауда ұстауды тапсырды.

 

«Aq jol»-Aqparat».

Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support