Туристер арасында ең танымал жерлер
Туристер арасында ең танымал жерлер
– Шарын шатқалы. Шалғай жатқанына қарамастан, Шарын шатқалы саяхатшылар көруге құмартатын еліміздегі көрікті орындардың бірі. Өткен жылы бұл алқапты 45 мыңнан астам адам аралаған. Төртінші орында – Баянауыл. Баянауылға бару бүгінде ел ішінде сәнге айналып келеді. Былтыр ұлттық саябақ аумағында 85 мың турист демалған. Үшінші орында – Көлсай көлдері. Көлсай көлдері де саяхатшылар арасында үлкен сұранысқа ие. Мұнда келген туристердің саны 190 мыңнан асады. Екінші орында – Бурабай. Отандық туризмнің бойтұмарына айналған Бурабай ұлттық саябағы келушілер саны бойынша да көш басында. Көкшенің көз тоймас көрікті жерлерінде 550 мыңнан астам адам саяхаттаған. Бірінші орында – Іле Алатауы. Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің ақпараты бойынша, 2022 жылы туристер арасында ең танымал орын атағын Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағы жеңіп алған. Өткен жылы Іле-Алатауының табиғатын 628 мың турист тамашалаған.
Дайындаған Жүрсінгүл ЖАҚЫП