17 тарихи ескерткіш қалпына келтірілді
17 тарихи ескерткіш қалпына келтірілді
Осылайша, былтыр жалпы саны 31 тарихи-мәдени мұра нысаны қалпына келтірілді. Хронологиялық тұрғыдан қалпына келтірілген нысандар қола дәуірінен XIX ғасырдың аяғына дейінгі кезеңді қамтиды. Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сейдалиеваның айтуынша, Қазақстанның маңызды тарихи ескерткіштерін сақтау бойынша қажетті жұмыстар жүріп жатыр және бұл іске тәжірибелі мамандар тартылған. Мысалы, Жетіасар-3 қалашығында ескі қабырғаларды нығайту және ежелгі қалдықтар негізінде жаңа ғимараттар тұрғызу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл ескерткіштерді ЮНЕСКО тізіміне қосу үшін қажет. Сондай-ақ, өткен жылы шетелдік ғалымдардың қатысуымен ғылыми-практикалық конференциялар өткізіліп, онда тарихи нысандарды қалпына келтіру әдістері мен технологиялары талқыланған.
Дайындаған Жүрсінгүл ЖАҚЫП