Жаңалықтар

Таразда 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді

Таразда 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді

Тараз қаласы Барысхан тұрғын алқабында №62 орта мектептің ашылу рәсімі өтті. 600 орындық жаңа оқу ордасын пайдалануға беру шарасына Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов қатысып, мектеп ұжымы мен оқушыларды қуанышымен құттықтады.

Бұдан соң жаңа нысанның лентасы қиылып, кілті тапсырылды. Қонақтар мектеп ішін аралап көріп, кабинеттерімен танысты. Құрылысын мердігер «Тараз-Ирригация» ЖШС жүргізген мектеп 23 оқу бөлмесімен, компьютер, модификациялық, лингафон кабинеттерімен, спорт зал, шеберхана, асханамен қамтылған. Айта кетейік, өткен жылы облыста 20 білім нысанының құрылысына 7,0 млрд. теңге бөлініп, 8 мектеп пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы 12 нысанның құрылысы аяқталады. Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 20 мектеп салынады. Оның сегізінің құрылысы биыл басталса, қалғаны келер жылға жоспарланған. Тараз қаласында ағымдағы жылы төрт «Жайлы мектептің» құрылысы қолға алынады.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі