- Advertisement -

Берекеге бастаған мереке

192

- Advertisement -

Күн мен түн теңелген, барлық адам қуанышқа кенелген Наурыз мерекесінің мәні мен мазмұны терең. Осынау қастерлі мерекені «Аulieata-Мedia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты облыстық газет редакциялары жоғары деңгейде атап өтті.

Әуелі аталған ЖШС басшылығы мен оған қарасты ұжым қызметкерлері «Aq jol» газетінің редакциясы жайған Наурыз дастарқанында бас қосты. Әуелі «Aq jol» газетінің шолушысы Амангелді Әбіл баршаға жақсылық тілеп, бата берді. Мұнан соң «Аulieata-Мedia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Оралхан Дәуіт барша қызметкерлерді құттықтап, жыл басы саналған мерекенің ерекшеліктеріне тоқталып, әр шаңыраққа жақсылық пен сәттілік тіледі. Келесі сәтте барша әріптестер Наурыз көжеден дәм татты. Мұнан соң мерекелік іс- шаралар өтті.

Мұнан соң мерекелік іс-шара облыстық «Знамя труда» және «Ar-Аi» газеттерінің редакциясында жалғасты. Мұнда айтыскер Шапағат Әбдірдің арнау өлеңі, Үміт Битенованың Наурызға арналған жыр-шашуы көпшілік көңілінен шықты.

Мұнан соң редакция алдында ұлттық ойындардан жарыс өтті. Қыз қуу жарысында облыстық «Ar-Аi» жастар газетінің жауапты хатшысы Шолпан Бөгенбаева мен аталған газеттің бөлім меңгерушісі Нұрым Сырғабаев ойын көркін қыздырды. Асық ату ойыны бойынша Оралхан Дәуіт, Ғани Сүгірәлиев, Тұрсынбек Сұлтанбеков белсенділік көрсетті.

Қол күрестен ерлер арасында «Jambylinfo» ақпараттық порталының қызметкерлері Дулат Шықпанбетов пен Нұрдәулет Асан ерекше көзге түсті. Облыстық «Aq jol» және «Ar-Аi» жастар газетінің бас редакторлары Хамит Есаман мен Тұрсынбек Сұлтанбек те қол күрестіріп, мереке қызығын арттыра түсті. Облыстық «Aq jol» газетінің корректорлары Ақерке Мұратбаева мен Саят Әлімжанова, аға дизайнер Оразкүл Әбдікерімова, дизайнер Айман Сейділдаева, тілші Қамар Қарасаева, «Ar-Аi» жастар газетінің жауапты хатшысы Шолпан Бөгенбаева да қол күрестірді. Ал, серпілу жарысында «Аulieata-Мedia» ЖШС көлік жүргізушісі Нүркен Исаев 50 рет серпіліп топ жарса, «Ar-Аi» жастар газетінің бөлім меңгерушісі Нұрым Сырғабаев пен республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің облысымыздағы меншікті тілшісі Табиғат Абаилдаев екінші және үшінші жүлделерді бөлісті. Арқан тарту кезеңінде «Аulieata-Мedia» ЖШС шаруашылық қызметкерлері жеңімпаз атанса, облыстық «Aq jol» газетінің жігіттері екінші, «Ar-Аi» жастар газетінің жігіттері үшінші орыннан көрінді. Осылайша, «Аulieata-Мedia» ЖШС Наурыз мерекесін кең көлемде, жоғары деңгейде атап өтті.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support