- Advertisement -

2023 жылғы 19 наурызда Жамбыл облыстық мәслихатының партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының сайлауы болып өтті

224

- Advertisement -

Сайлаушылардың тізімдеріне 717 116 азамат енгізілді.

Дауыс беруге 467 326 сайлаушы қатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 26 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 5090 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 6 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс саны:

«Amanat» партиясы – 303 363 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 66,03 пайызы;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 26 194 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 5,70 пайызы;

«Respublica» партиясы – 51 567 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 11,22 пайызы;

Қазақстан Халық партиясы – 26 066 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 5,67 пайызы;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 25 744 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 5,60 пайызы;

«Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 26 100 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 5,68 пайызы;

«Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлау бюллетеньдер саны – 424.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының бес және одан көп процентін алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың былайша бөлінгені белгіленсін:

«Amanat» партиясы – 12;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 1;

«Respublica» партиясы – 2;

Қазақстан Халық партиясы – 1;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 1;

«Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 1.

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support