- Advertisement -

Жамбыл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері тағайындалды

322

- Advertisement -

«Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының байқау кеңесінің хаттамасына сәйкес, ҚР ДСМ-нің келісімімен Чинибеков Сейдыахмет Байдуллаұлы Жамбыл аудандық орталық ауруханасына бас дәрігер болып тағайындалды.

Сейдыахмет Байдуллаұлы 1983 жылы 24 маусымда дүниеге келген, ұлты-қазақ, отбасында 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеуде.

2007 жылдың тамыз айында Жамбыл облыстық балалар ауруханасына балалар травматолог – ортопеды қызметіне дәрігер-ординатор болып қабылданды.

2010 жылы маусым айында хирургия бөліміне балалар хирургі қызметіне ауысты.

2012 жылдан бастап Облыстық перинатальды орталықта неонатальды хирургі, 2013 жылы Жамбыл облыстық балалар ауруханасында қыркүйек айынан бастап қосымша эндоскопист дәрігері,

2014– 2018 жылдары Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс балалар эндоскописті,

2016 жылы «Күндізгі бөлім және функционалды диагностика» бөлімінің,

2017 жылы «Ота жасау блогының» меңгерушісі,

2018 жылы сәуір айында Бас дәрігердің медициналық қызметтің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

2020 жылдың мамыр айынан бастап Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарды.

 

Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support