- Advertisement -

«Жастықтың жалынды жырлары» атты поэзия кеші өтті

115

- Advertisement -

Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 21 наурыз – Дүниежүзілік поэзия күніне орай, қазақтың поэзия майталмандарының шығармаларын оқырмандарға насихаттау мақсатында «Жастықтың жалынды жырлары» поэзия кеші өтті.

Іс-шара Ж.Жабаев атындағы №5 гимназия білімгерлерінің «Қамажай» биімен ашылып, Абай атындағы Дарын мектеп-гимназия білімгерлері ақын-жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқыды.

Поэзия кешінде ақиық ақын – Мұқағалидың шығармалары жайында бейнеролик көрсетіліп, кітапхана қызметкері Сағатбекова Нұргүл ақынның сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» әнін орындап, поэзия падишасы – Фариза туралы көрініс сомдалды.

Сонымен қатар, облыстық жасөспірімдерді тәрбиелеу орталығының тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салды.

«Мұзбалақ ақын», «Поэзия падишасы» тақырыбында көрме жасақталып, атсалысқан оқырмандар алғыс хатпен марапатталды.

Мереке МЕЛДЕЕВА

Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support