- Advertisement -

Жаңару мен жасампаздық бастауы

78

- Advertisement -

Құрметті жамбылдықтар!

Баршаңызды бірлік пен берекенің, тоқшылық пен молшылықтың бастауы саналатын, көктемнің тамылжыған жайдары күндерімен бірге келген Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мереке – ежелден халқымыздың берекесі мен бірлігіне, бір-біріне деген риясыз тазалығына, татулығы мен ынтымақ- ықыласына арқау болып, шаттық пен қуанышқа кенелтетін ұлы күн.

Сондай-ақ, бұл ең алдымен ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Рухани тазару мен үйлесімнің, бейбітшілік пен берекенің символы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, әз-Наурыз ат шаптырып, ұлан-асыр той жасау деген сөз емес. Игі бастама, ең алдымен ағаш отырғызу, қоршаған ортаны тазарту сияқты қарапайым істерден басталуы маңызды. Көктемгі жаңару мерекесі ауылды күтіп, баптап, қалаларды көркейту, абаттандыру секілді жұмыстарымен мәнді болады.

«Бірлік – береке бастауы» дегендей, біз өзара түсіністікті ту етіп, ортақ жауапкершілікті сезініп, қоғамдық келісімге құрметпен қарай білгенде ғана биік белестерден, асқар асулардан аса аламыз.

Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік секілді құндылықтарымызды сақтап, экономикамызды нығайтып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында жұмыла жұмыс істеуіміз маңызды.

Жаңару мен жасампаздықтың бастауы болған әз- Наурыз еңбектеріңізге табыс, шаңырақтарыңызға шаттық алып келсін.

Бірлігі жарасқан еліміз тұрақтылықтан таймай, бақ- берекеміз арта берсін.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Құрметпен, облыс әкімі
Нұржан НҰРЖІГІТОВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support