- Advertisement -

Жамбылдық делегация өңіраралық инвестициялық форумға қатысты

107

- Advertisement -

Шымкент қаласында «SHYMKENT INVESTMENT — 2023» өңіраралық инвестициялық форумы өтуде.

Форумға шетелдік әлеуетті инвесторлар, отандық бизнес-қауымдастық өкілдері, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, қаржы институттары қатысты. Ал, жамбылдық делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, басқарма басшылары, тауар өндірушілер мен қолөнершілер бар.

Форум алаңында еліміздің оңтүстік өңірлерінің — Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының инвестициялық тартымдылығын арттыру, экономикалық даму қарқынын  күшейту, өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Жиында облыс әкімінің орынбасары баяндама жасап, Жамбыл жерінде индустриялық-аграрлық сала қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

– Облыстың ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Жыл сайын 120 мың гектар алқаптан 1 млн. тонна көкөніс жиналады. Аймақта ет және оны өңдеу, құс шаруашылығы өндірісінде көрсеткіш жоғары, — деді Қанатбек Мәдібек.

Сондай-ақ ол аймаққа инвестиция тарту жұмыстарына да тоқталып өтті.

– Инвесторларға жағдай жасау, мүмкіншіліктер ұсыну, мәселелерін шешу – басты талап. Бұл саладағы жұмыстарды жетілдіру, инвесторлармен тығыз қарым-қатынас орнату әрі тиімділігін арттыру мақсатында әр апта сайын инвестициялық штаб жұмыс істейді. Әлеуетті инвесторларға ұсынылатын жалпы сомасы 3,8 млрд. АҚШ долларын құрайтын 24 жобаның тізімі әзірленген, — деді облыс әкімінің орынбасары.

Форум аясында бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша шетелдік және отандық компаниялар меморандумға қол қойды.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support