Жаңалықтар

Жамбылдық делегация өңіраралық инвестициялық форумға қатысты

Жамбылдық делегация өңіраралық инвестициялық форумға қатысты

Шымкент қаласында "SHYMKENT INVESTMENT - 2023" өңіраралық инвестициялық форумы өтуде.

Форумға шетелдік әлеуетті инвесторлар, отандық бизнес-қауымдастық өкілдері, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, қаржы институттары қатысты. Ал, жамбылдық делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, басқарма басшылары, тауар өндірушілер мен қолөнершілер бар. Форум алаңында еліміздің оңтүстік өңірлерінің - Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының инвестициялық тартымдылығын арттыру, экономикалық даму қарқынын  күшейту, өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Жиында облыс әкімінің орынбасары баяндама жасап, Жамбыл жерінде индустриялық-аграрлық сала қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ ол аймаққа инвестиция тарту жұмыстарына да тоқталып өтті.

Форум аясында бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша шетелдік және отандық компаниялар меморандумға қол қойды.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі