- Advertisement -

Сотталғандар Наурыз мейрамында волейболдан бақ сынасты

25

- Advertisement -

Ырыс пен ынтымақтың, береке мен бірліктің жаршысына айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын сот шешімімен кінәлі дкп танылған сотталғандар азаматтар да өз деңгейінде қарсы алды.

Бұл күні өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер бұқаралық спорттан өзара кім мықтыны анықтады.

Атап айтқанда, арнайы контингент волейболдан бақ сынасып, салауатты өмір салтын ұстану жолында тағы бір рет тер төкті. Тартысты өткен ойынның қорытындысына сай жеңімпаздарға мекеме әкімшілігі тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетейік, мекеме басшылығы сотталғандардың арасында мәдени-спорттық шараларды тек мереке күндері ғана емес, жүйелі түрде өткізіп тұрады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support