- Advertisement -

Сарысу ауданы

226

- Advertisement -

Сарысу ауданының сайлаушылары сайлау учаскесіне ұлттық киіммен келіп, елдегі берекелі бірлікті паш етті. Атап айтсақ, Ұйым ауылындағы No372 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берген Сайлаубек Қабылбеков ақсақал қазақтың оюлы шапанын киіп, еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығы үшін дауыс берді.

Сондай-ақ, Түркістан ауылдық округі, Арыстанды ауылының тұрғыны Бибіхан Каранеева ұлттық киіммен келіп, No387 сайлау учаскесінде болып, өз таңдауын жасады.

«Сайлау − ел өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл сайлауда халықтың артқан үміті зор, соған сәйкес белсенділігі де өте жоғары. Жастар да ерекше атсалысуда», – деді Бибіхан Каранеева.

Бұл сайлау Наурыз мейрамымен қатар келіп, елдің ықыласы мен көңіл-күйі ерекше. Сайлау учаскесі ауласында сайлаушылар арасында ұлттық ойын ойнатылып, концерт, жәрмеңкелер өтті.

Мәселен, сайлау учаскелерінің алдында 16 азық-түлік жәрмеңкесі, 25 мерекелік радиоконцерт, 15 ұлттық спорттық ойындар және дауыс беруге бірінші келген сайлаушыға, жасы үлкен қарттарға және ең жас сайлаушыға бағалы сыйлықтар табыстау, наурыз көже тарату бойынша 100 іс-шара ұйымдастырылды.

Бұл күні Сарысудағы сайлау учаскесінде ерекше оқиға орын алды. Дауыс беруге Маңғыстау облысынан келген 35 құда бірге келіп, байқаушыларды таңғалдырды.

Құдалар Жаңатас қаласындағы спорт кешенінде орналасқан No363 сайлау учаскесіне барып, таңдауларын жасады. Жалпы, дауыс берушілер саны – 2784.

«Биылғы сайлау өте белсенді өтті. Маңғыстауда болғанымызда 5 бюллетень алып, өз таңдауымызды жасайтын едік. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, саяси оқиғаға қай жерде болсақ та, үлесімізді қосуымыз керек деп шештік. Саялы Сарысу жеріне қыз беріп, құда болған алғашқы қадамымызды сайлаудан бастағанымызды жақсылыққа жорып отырмын. Таңдауымыз − еліміздің болашағы, кемел келешегі», −деді маңғыстаулық Берік Нұрбергенов.

 

Сарысу ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support