- Advertisement -

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен бірлесе жұмыс істеуде

135

- Advertisement -

Бүгінгі таңда ҚАЖ қызметкерлер өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс атқарады. Мәселен, темірдей тәртіпті ұстанатын олар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Ондағы мақсат – ел ішіндегі қауіпсіздікті сақтау әрі жұрт тыныштығын бұзбау.

Жуырда Тараздағы №26 түзеу мекемесінен Қырғыз елінің азаматы жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шықты. Көршілес мемлекеттің 1994 жылы туылған азаматы біздің елдің шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін сот шешімімен бас бостандығынан айырылған болатын.

Мекеме қызметкерлері жазасын өтеген ер адамды өз еліне депортациялау үшін ҰҚК-нің өкілдеріне тапсырды. Енді бұл жұмыстың нүктесін әрі қарай Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қоймақ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support