- Advertisement -

Комитет төрағасы жамбылдықтармен кездесті

135

- Advertisement -

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы халыққа арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастыруды тапсырып, естуші үкімет тұжырымдамасы бастау алған болатын. Мұндағы мақсат – қоғамды демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалармен халықты хабардар ету, атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру. Кеше Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаев облыс халқымен кездесті. Онлайн форматта өткен кездесуде облыстың экономикалық-қаржылық қызметіне тікелей әсер ететін қазынашылық органдардың атқарған жұмыстары мәлім етілді.

– Алдымен мемлекеттің экономикалық- қаржылық жұмыстарын жүргізетін қазынашылық органдардың негізгі функцияларына, міндеттері мен өкілеттіктеріне тоқталып өтейін. Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті өз ережесіне сәйкес, республикалық бюджеттің атқарылуын және жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі қызметтерді, Ұлттық қордың, сондай-ақ орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу саласындағы функцияларды жүзеге асырады. Қазынашылық органдар негізгі міндеті ретінде салықтарды және бюджетке түсетін басқа да түсімдерді олардың түрлері мен аумақтық тиесілігі бойынша 2563 бюджеттің жұмысын жүргізеді. Олардың біреуі республикалық болса, 17-сі республикалық маңызы бар облыстық және қалалық, 200-і облыстық маңызы бар аудандық, 2345-і аудандық маңызы бар қалалық, ауылдық, кенттік, ауылдық округтік бюджет. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мен Жәбірленушілерге өтемақы қоры және басқа да бағыттағы қаржылық жұмыстарды үйлестіреді. Облыста қазынашылық қызметпен 2345 жергілікті өзін өзі басқару органдары қамтылған. Олар үшін қаржылық құжаттарды қабылдау мен өңдеуге, қашықтықтан қызмет көрсетуді және есептілікті қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, 2022 жылы республикалық бюджеттен Жамбыл облысына 194,5 миллиард теңге субвенция қарастырылды, – деді Рахат Келдібайұлы.

Кездесуге қатысушылар қаржылық салада жүргізілетін жұмыстарға байланысты сауалдар қойып, Қазынашылық комитет төрағасымен бетпе-бет сұхбаттасты.

– Мына мәселе әзірленіп жатқан жаңа кодексте қарастырылса деген ұсынысым бар. Қазір пайдаланылмаған трансферттер келесі жылдың 1 наурызына дейін қайтарылады. Ал, резервтік қордан бөлінген қаражаттар жылдың аяғында 20 желтоқсанға дейін тиісті резервті толтыра отырып қайтарылуға жатады. Осыны нысаналы трансферттер сияқты келесі жылдың 1 наурызына дейін қайтарылатындай жасаса, дұрыс болар еді, – деп өтінді облыс әкімдігінің қаржы басқармасы басшысының орынбасары Батырхан Базарбайұлы.

Қаржыгерлердің бас қосқан кездесуіне осы салада жоғары білім алып жүрген студенттер де қатысып, өз ойларын орта салды.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support