- Advertisement -

Оқу-жаттығу жиыны өтті

80

- Advertisement -

Таразда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты бағынысты №26 түзеу мекемесінде тактикалық-арнайы оқу-жаттығу жиыны өтті. Осылайша, ҚАЖ қызметкерлері бірлесе жұмыс істеу жолын тағы бір пысықтап алды.

Мекеме бастығы, әділет подполковнигі Нұржан Кузембаевтың айтуынша, мұндай оқу-жаттығу жиындарының маңызы зор әрі қызметкерлердің қиын жағдайларда сауатты әрекет етуіне зор ықпалын тигізеді.

– Бүгін шынайы оқиғаға жақын жағдайда, оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Оған барлық деңгейдегі қызметкерлер қатысып, өз біліктілігін шыңдады. Шара барысында құқық қорғау органдарының өзара әрекеттесу тәртібі пысықталды. Мұндай жиындар біріншіден, еліміздің құқық қорғау органдарының дайындығын көрсетсе, екіншіден жас қызметкерлердің шыңдалуына мол мүмкіндік береді, — деді Нұржан Қайратұлы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support