Жаңалықтар

«Біз әдемі сайлау учаскелерін көрдік» - Португалия Парламентінің депутаты

«Біз әдемі сайлау учаскелерін көрдік» - Португалия Парламентінің депутаты

«Біз көрген адамдар бақытты, өйткені олар тарихи өзгерістердің бір бөлігі болып табылады». Жерорта теңізі парламенттік ассамблеясының Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Йонас-Флорин Уркан халықаралық бақылаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифинг барысында сайлау учаскелеріне барғаны туралы айтып берді. Сондай-ақ ол Ұлыбритания мен Португалиядағы әріптестерімен бірге алған әсерлерімен бөлісті.

Португалия Парламентінің депутаты, Жерорта теңізі парламенттік ассамблеясының вице-президенті Педру Рок Оливейраның айтуынша, сайлаудың негізгі мақсаты – реформалар жүргізу және заң үстемдігін жүзеге асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ әртүрлі партиялар ұсынылған Парламент құру.

ҚР Орталық коммуникациялар қызметі