Жаңалықтар

ІІМ: Жалпы саяси-қоғамдық ахуал тұрақты

ІІМ: Жалпы саяси-қоғамдық ахуал тұрақты

Қазіргі уақытта елдегі және сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты. Комиссия төрағаларының актілері бойынша дер кезінде шешілген елеусіз оқиғалар орын алған. Бұл туралы «Сайлау-2023» онлайн-марафоны барысында ОКҚ алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев хабарлады.

Оның мәліметінше, әртүрлі себептермен келеңсіз мінез-құлыққа байланысты сайлау учаскелерінен 9 азамат шығарылды.

Сонымен қатар ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Азамат Сарғазин осы сағатта сайлау учаскелерінде тіркелген заң бұзушылық жағдайлары туралы жедел ақпаратты ұсынды.

Азамат Сарғазин әрбір сайлаушы өзі дауыс беретінін, дауыс беру құқығын басқа біреуге беруге немесе басқа адам үшін дауыс беруге жол берілмейтінін атап өтті. Жалпы дауыс беру рәсімі басталғалы бері ықтимал заң бұзушылықтар туралы 32 өтініш келіп түсті.

ҚР Орталық коммуникациялар қызметі