Жаңалықтар

«Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясының төрағасы: 600-ден астам оқыту жұмыстары өткізілді

«Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясының төрағасы: 600-ден астам оқыту жұмыстары өткізілді

Парламенттің жаңа форматтағы сайлау науқанына тиянақты дайындық жүргізілді. 600-ден астам республикалық, өңірлік деңгейде оффлайн және онлайн форматта халықаралық стандарттарға сәйкес оқыту жұмыстары өткізілді. Бүгін таңғы сағат алтыдан бастап ел бойынша қазақстандық байқаушылар 9790 ашық сайлау учаскесінде бақылау жұмыстарына кірісті. Бұл туралы «Сайлау-2023» онлайн-марафоны барысында ОКҚ алаңында «Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясы» РҚБ төрағасы Төлеген Құнәділов мәлімдеді.

Оның айтуынша, саяси партиялардың немесе заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, тиісті сайлау комиссияларында аккредитациядан өткен үкіметтік емес ұйым өкілдері байқаушы бола алады. Байқаушылар пулы бірнеше науқанға қатысқан азаматтардан қалыптастырылады. Бұл өз кезегінде сайлау үрдісін әділ және объективті бағалауға мүмкіндік береді.  

ҚР Орталық коммуникациялар қызметі