Жаңалықтар

13-сайлау учаскесіне келушілер белсенді

13-сайлау учаскесіне келушілер белсенді

Тараз қалалық 11 орта мектепте орналасқан 13 сайлау учаскесіне 1935 адам тіркелген.Осы учаскедегі сайлау комиссиясының төрағасы Нүрила Караулованың айтуынша азанғы сағат 7-де басталған сайлауға келушілер тек бюллетень қалдырып ғана қоймай, суретке түсірулерін өтініп, өздеріне естелік те қалдырып жатыр. Сағат 11-ге дейін 200-ге жуық сайлаушы келді. Бақылаушылар қатарында партиялардан келгендермен қатар кандиттардың сенімді өкілдері және "Жастар зерттеу" қоғамдық бірлестігі, "Жастар үні" республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері де бар.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА