- Advertisement -

50-сайлау учаскесінде 2 809 адам тiркелген

762

- Advertisement -

Таңертеңгі сағат 10:30-ға дейін 200-ден аса сайлаушы дауыс берді.

Оның ішінде қарт кісілер, ҰОС-ң ардагерлері, еңбек ардагерлері, жаңадан бірінші рет дауыс беруге келгендері бар.

“Сағат 12-ге дейін үй-жайдан тыс жерлерде дауыс беруге өтініштер қабылдаймыз. Мүгедектігі бар тұлғалардан екі өтініш түскен. Оларға үйлеріне барып дауыстарын алу үшін комиссия шығады”,-дейді учаске төрайымы Төлеу Салтанат Ерсағатқызы.

ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында өз таңдауын алғашқылардың бірі болып жасаған  аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов те осы сайлау учаскесінде, яғни, Тараз қаласының «Астана» (12) шағын ауданындағы №53 мектеп-гимназиясында орналасқан №50 сайлау учаскесіне барып дауыс берді.

Сағат 10:10-дағы дерек бойынша Қазақстанда сайлаушылардың 14,21% дауыс берсе,
Жамбыл облысында 16,54% сайлаушы өз таңдауын жасап үлгерген.

Әзірге ешқандай заң бұзушылық тіркелмеген. Сайлау бір қалыпты өтіп жатыр.

 

Үміт Битенова

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support