Әдебиет

Тұлғасы тұнған жыр өлең

Тұлғасы тұнған жыр өлең

 Тұлғасы тұнған жыр-өлең, өзі-бір әлем,

Қазақстаным, сен үшін туған бұл өрен, Ел үшін туған Ерімнің даңқын жырлаймын, Тоқтай алмаспын толғап бір кетсем, сірә, мен.

Ғаламға ортақ, адамға ортақ Күн мен Ай Таныта қоймай қабақтан жылы күнде рай, Дағдарған шақта тұманды қазақ көгінде НҰР-Ағам тұрды күнге арай сеуіп, гүлді орай.

Төреші болып тағдырың төнсе төбеңде, Құлдырау сөкет биіктеп келіп төменге, Ақ пенен қара итжығыс түскен бұл заман НҰР-Ағамды берген бұйырған бағым боп елге.

Қазақстаным, ұлан-ғайыр далам, байтағым, Өзіңсің барым, әнім де, шырқап айтарым, Ерікті елміз маңдайдан ерке желі ескен, Ұйыған сүттей татулық майын шайқадым.

Біртұтас белдей түрлі ұлтпен тауып жарасым, Жалғаған қолмыз халық пен халық арасын, Азаттық үшін құрбандық еткен әз жанын Арыстарыңның орындалды ойы, Алашым.

Түркі жұртына Тоныкөк абыз қалдырған Аманат мәңгі өшпестей қайта жаңғырған, Шуағын шашып Елбасым жаққан шамшырақ Менмұндалайды «Мәңгілік Ел» боп алдымнан.

Бабам аңсаған армандар шыңына шығара, Қырандай қалқып жүректер төрінде ұяла, Бастай бер елді Нұрлы болашақ жолымен, Жасай бер біздің Президентіміз, НҰР-Аға!

Үміт БИТЕНОВА, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.