- Advertisement -

Ұмыт болған ұлттық оюлар ұлықталды

241

- Advertisement -

Ұлыстың ұлы күніне орай Таразда көптеген танымдық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сондай шаралардың легі бүгін Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен «Ұмыт болған оюлар» атты құрақшылар фестивалімен жалғасты.

Әуелі қала әкімі Бақытжан Орынбеков қолөнершілердің туындылары орналастырылған көрмені тамашалап, ізгі лебізін білдірді.

– Қазақ халқының ою-өрнек өнері – әлімсақтан бері халқымызбен жасасып келеді. Сан ғасырлық тарихымен біте қайнасқан бұл өнер түрі  халықтың шынайы рухани танымымен де астасып жатыр.Ою-өрнек – қазақ елінің мәдени дамуының шежіресі. Оның көне атауы – халықтың тарихы мен мәдениетін, ұлттық ерекшелігін, дүниетанымын сипаттайды.

Қазіргі жаһандану дәуірінде біздің қазақы ою-өрнегіміздің біршама түрі ұмытылып барады. Бұл көңіл қынжылтар жағдай. Себебі бүгінгі өскелең ұрпақ қазақтың осы баға жетпес құндылығының маңызын түсініп, санасына тоқуы қажет.

Бүгінгі фестивальге қатысушылар ұмыт болған ұлттық құндылығымызды ұлықтап, келешекбуынның санасына сәуле ұялатады  деген сенімдемін.

Жалпы, бұл шара мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық ою-өрнектерімізді мына алмағайып заманда аман сақтап, жастарымыздың   бойына ұялатуға бағытталып отыр. Сол себепті, қолөнер – баға жетпес, өшпес мұра. Оны қорғай да, қолдай да білуіміз керек. Сондықтан фестивальге қатысқан барша аналарға алғысымды білдіремін, – деген Бақытжан Әмірбекұлы байқау жеңімпазы мен жүлдегерлеріне арнайы марапаттарды табыстады.

Фестиваль аясында «Шапағат» медалінің иегері, кәсіпкер Анар Бексұлтанова мен шәкірттерінің туындылары көпшілік назарына ұсынылып, шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.

Шара соңы концерттік бағдарламалармен түйінделді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support