- Advertisement -

Жастарға бағыт беру – басты мақсат

87

- Advertisement -

Мұрат Құралбекұлы көптеген игі істерге бастамашылық танытып, мұқтаж азаматтарға үнемі қайырымдылық қолын созып, мереке қарсаңында ауылдық округтегі осал топтағы азаматтарға азық түліктер алып беріп, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларының оқушы балаларына оқу құралдары мен мектеп киімдерін алып беруді дәстүрге айналдырған. Осындай азаматтың ісін жастарға үлгі ету мақсатында аталған ауылдағы №4 мектеп-лицей оқушыларына директордың бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары Алия Батырбекқызы кәсіпорнына арнайы саяхат ұйымдастырды.

Ойшыл ғалым әл-Фарабидің: «Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыз», деген керемет сөзінен мысал келтіріп, кәсіпке деген құлшынысын жан-жақты көрсете білген Мұрат Тілеулиев оқушыларға ой салғаны анық.

Ол цех ішіндегі технологиялық аппараттардың көмегімен жиһаз түрлерін қалай өндіріп шығаруға болатынын түсіндіріп, таныстырды. Жеткіншектердің де тәжірибе жүзінде жиһаз жасап көрулеріне рұқсат берді. Әсіресе, ұлдардың жүздерінде қызығушылықтың белгісі байқалды.

Кәсіппен айналысу – тынымсыз еңбектің арқасы екенін оқушылар сезінді. Осы орайда «Өз кәсібімді ашқым келеді» деген сауалдарына ерінбестен бизнесті қалай бастап, дамыту керектігі туралы айтып берді, жаңадан іс бастаушы кәсіпкерлерге нені білу керек екенін егжей- тегжейлі түсіндірді.

Бұл саяхаттан ұққанымыз, жас жеткіншектерді мектеп жасынан кәсіпорындар мен түрлі мекемелерге арнайы апарып, олардың түрлі мамандық иелерімен танысуына ықпал ету керек. Сонда оқушылар да өздерінің нақты қандай қызығушылықтары бар екенін ұғынып, болашақта бағытын айнымай табатыны анық.

 

Жанерке УӘЛИХАНОВА,

аудандық «Жастар ресурстық орталығының» аға инспекторы.

Байзақ ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support