- Advertisement -

Мамандық таңдау – маңызды іс

311

- Advertisement -

Бағдарлы оқыту мектептің жоғары сатысында даралап оқытуға, оқушының әлеуметтенуіне және мектептің жоғары сатысының орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастығына бағытталған.

Бейінді-бағдарлы білім беру жүйесі – жоғары сынып оқушыларына арналған, мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге, жеке тұлғаның мүддесіне, жасөспірімнің жас ерекшеліктеріне және білім беру саласындағы әлемдік ағымдарға сай келетін оқыту жүйесін ұйымдастырудың анағұрлым тиімді формасы. Себебі, мамандық таңдау– адамның өміріндегі ең жауапты кезеңдердің бірі, өйткені бүкіл болашақ өмірі осыған байланысты. Келешекте өкінбеу үшін бұл мәселеге немқұрайлы қарауға болмайды. Мамандық таңдау – оқушының өмір жолын анықтайтын шешуші сәт.

Ең бастысы, таңдалған мамандық ләззат әкелуі керек. Уақытымыздың көп бөлігін жұмысқа арнағандықтан, ол біздің мүдделеріміз бен мүмкіндіктерімізге сәйкес келіп, қуаныш әкелгенін қалаймыз. Барлық мамандықтар маңызды, кейбіреулері математикалық қабілеттілікті, басқалары шығармашылықты, ал үшіншілері физикалық дайындықты қажет етеді.

Өмірде бәрі өзара байланыста болғандықтан, дұрыс таңдалған мамандық өмірдің барлық салаларына әсер етеді. Таңдау қаншалықты сәтті болса, өмір жолы соншалықты қызықты және табысты болады.

Мамандық таңдауда 3 нәрсені ескеру керек. Бірінші, таңдаған мамандығына қызығушылығы мен икемі болған жөн. Екіншісі, болашақ мамандықтың қоғамдағы рөліне аса назар аудару керек. Бұл адамның жұмыс табуына көмектеседі. Үшінші, мамандықтың сапасына да назар аудару қажет. Осы үш қағиданы ескерсе, оқушылар мамандық таңдаудан шатаспайды. Қоғам дамып, алға озған сайын өміріміз күрделеніп, неше түрлі мамандықтар пайда болып жатыр. Сондықтан, оқушыларды мамандық таңдаудың мақсат- міндеттерімен жете таныстыру – үлкен жауапкершілік.

Осындай мақсатпен өткен мектебіміздегі кездесуді директорымыз Айжан Абдешова ашып берді. Кездесуге Жамбыл политехникалық колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Дина Сүлейменова мен Нұрсұлу Бейсейітова және «Тараз сервис және технология колледжі» шаштараз өнері мамандығының өндірістік оқыту шебері Жанерке Жұмабекова қатысты. Оқушылар қонақтарға мамандыққа қатысты сұрақтарын қойды. Басқосуды қорытындылаған кәсіптік мамандыққа бағыт- бағдар беруші педагог Ләззат Калиева бейнекөрініс көрсетіп, тақырыптың маңыздылығына тоқталды.

 

Гүлнар НҰРБЕКОВА,

№47 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Тараз қаласы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support