Саясат

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті

Мемлекет басшысы қонақжайлық көрсетіп, құрметпен қарсы алғаны үшін Режеп Тайип Ердоғанға ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы, ең алдымен, жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия халқына көңіл айтты.

Президент қауіп-қатерге қашан да дайын болу керек екенін атап өтіп, төтенше жағдайлар саласындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығына тоқталды. Осы орайда «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» тақырыбында өтіп жатқан саммитті өте қажетті іс-шара деп есептейтінін жеткізді.

Сонымен қатар Президент Түркия Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік инвесторларының Қазақстандағы жобаларын қолдауға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ кездесу барысында «Орта дәліз» деп аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағыты аса маңызды рөл атқаратыны сөз болды. Қазақстан тарапы әлеуеті мол осы көлік-логистикалық бағдарды дамыту үшін ортақ инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді. Өз кезегінде Режеп Тайип Ердоған шақыруын қабыл алып, Анкараға келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Сондай-ақ Режеп Тайип Ердоған кейінгі жылдардағы екіжақты сапарлар нәтижесінде барлық салада өсім бар екенін, жыл соңына дейін тауар айналымын 10 миллиард долларға дейін жеткізу қажеттігін айтты. Түркия басшысы көлік саласында Орта дәліз әлеуетін толық пайдалану керектігін де атап өтті. Сонымен қатар кездесуде екі ел арасындағы сауда, экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға баса мән берілді. Президенттер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.