Жолшылар Наурыз мейрамын тойлады
Жолшылар Наурыз мейрамын тойлады
Филиал директоры Мырзахмет Ибрагимов құттықтау сөзінде әріптестерін Наурыз мейрамымен құттықтады. Мырзахмет Қраубекұлы Наурыздың елге, әрбір отбасыға құт-береке әкелуіне тілектестігін білдіріп, игі бастамаларға сәттілік тіледі. Бұл күні сондай-ақ шараға қатысушылар қымыз мұрындық, асық ату, арқан тарту, ләңгі тебу және гір тасын көтеру сынды ұлттық ойындардан өзара бақ сынасты. Осынау тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша асық ату мен қымыз ішуден алдарына жан салмаған Шымкент қаласынан келген жолшылар үздік деп танылды.
Ал арқан тарту, ләңгі тебу және гір тасын көтеруде жамбылдық жігіттер бас жүлдені иеленді. Жеңімпаздарға филиал тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді. Айта кетейік, мерекелік шарада ұлттық салт-дәстүрден сыр шертетін көріністер сахналанып, көпшілік театрландырылған қойылымды тамашалады. Бұдан бөлек, жиналғандарға Наурыз мерекесінің дәстүрлі асы – Наурыз көже ұсынылды.