- Advertisement -

Жолшылар Наурыз мейрамын тойлады

247

- Advertisement -

Жылдағы әдетінен жаңылмай, өңірлік «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» қызметкерлері әз-Наурызды барлық сән-салтанатымен атап өтті.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шараға филиалдың басшылық құрамымен бірге қатардағы жұмысшылар, сала ардагерлері сондай-ақ көршілес Түркістан, Қызылорда облыстарынан және Шымкент қаласынан арнайы келген жолшылар да қатысты.

Филиал директоры Мырзахмет Ибрагимов құттықтау сөзінде әріптестерін Наурыз мейрамымен құттықтады. Мырзахмет Қраубекұлы Наурыздың елге, әрбір отбасыға құт-береке әкелуіне тілектестігін білдіріп, игі бастамаларға сәттілік тіледі.

Бұл күні сондай-ақ шараға қатысушылар қымыз мұрындық, асық ату, арқан тарту, ләңгі тебу және гір тасын көтеру сынды ұлттық ойындардан өзара бақ сынасты. Осынау тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша асық ату мен қымыз ішуден алдарына жан салмаған Шымкент қаласынан келген жолшылар үздік деп танылды.

Ал арқан тарту, ләңгі тебу және гір тасын көтеруде жамбылдық жігіттер бас жүлдені иеленді. Жеңімпаздарға филиал тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетейік, мерекелік шарада ұлттық салт-дәстүрден сыр шертетін көріністер сахналанып, көпшілік театрландырылған қойылымды тамашалады. Бұдан бөлек, жиналғандарға Наурыз мерекесінің дәстүрлі асы – Наурыз көже ұсынылды.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support