- Advertisement -

Әдеп — әдет болуы тиіс

75

- Advertisement -

Мемлекеттік қызметші іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарап, жоғары орындаушылық, өзіне және әріптестеріне талап қоя білу, тәртіптілік және мүлтіксіз адамгершілік қасиеттеріне ие болуы тиіс. Мемлекеттік қызметшінің сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы – әдептіліктің белгісі. Олардың моральдық-этикалық бейнесі мен кәсіби сапасына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі жоғары талап қояды.

Әдеп кодексінің басты міндеті – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс- шараларды әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қызметкерлерімен қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларын тұрақты сақтап келеді. Өткен жылы әдеп жөніндегі уәкілдіктің атқарған жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді. Атап айтсақ, жоспарда көрсетілген іс-шараларды орындау бойынша департаменттің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының Заңнамаларын түсіндіру мақсатында 5 семинар өткізіліп, оның ішінде арнайы салалардан екі маман дәріс оқыса, әдеп жөніндегі уәкіл бір дәріс, сала мамандары екі дәріс оқыған болатын.

Сонымен қатар, облыстағы Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері мемлекеттік қызметшілерге таныстырылып, заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында алдын ала түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Баспасөз беттерінде жарияланды.

Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу, оларға жұмыс бабында мотивациялық ынталандыру шаралары тұрақты түрде көрсетілуде. Өткен жылы өз қызметін әдеп нормасына сай жұмыс атқара білген мемлекеттік қызметшілерге Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасы Қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өз міндеттерін тиісінше орындағаны үшін 2 қызметкер облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталса, 1 қызметкер Тәуелсіздік күнінде Қаржы министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

«23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесіне орай департамент мемлекеттік қызметшілер арасында шахмат, шашка ойындарынан жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.

Департаменттің әкімшілік мемлекеттік қызметшілері қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық- әдептілік нормаларын ұстануы, қоғамға жат мінез- құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуі тиіс. Осы мәліметтерді анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыс бойынша басқармасынан мәліметтер жылына екі рет алынып, нәтижесінде тәртіптік, қылмыстық, құқықбұзушылықтар анықталған жоқ.

Аталғандардан бөлек, ұжымдардағы моральдық- психологиялық ахуалдың жай-күйін анықтау мақсатында 12 мемлекеттік қызметшінің қатысуымен екі рет жасырын сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің ұжымдарда жағымды моральдық-психологиялық ахуалдың қалыптасқанын көрсетті.

 

Ғани ҚОЙБАҒАРОВ,

Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support