- Advertisement -

Жамбыл облысының дәрігерлері Түркияда біліктіліктерін арттырып келді

145

- Advertisement -

Жамбыл облысының дәрігерлері Түркия Республикасының Стамбул каласындағы “МEDIPOL” клиникасында 2023 жылдың 27 ақпаны -10 наурыз аралығында кәсіби біліктіліктерін арттырып келді.

Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау 003 бағдарламасы арқылы оқытылды (жергілікті бюджет). Біліктілігін арттырғандардың жалпы саны — 16 дәрігер. Олар: кардиолог, терапевт, аритмолог, хирург және нейрохирургтар.

Яғни, облыстық көпбейінді, қалалық көпбейінді, облыстық көпбейінді балалар ауруханасы, Талас, Шу, Меркі, Жуалы және Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханаларының дәрігерлері оқыды.

Дәрігерлер күнделікті “МEDIPOL” клиникасының нейрохирургия және кардиология, кардиохирургия бөлімдерінде біліктіліктерін арттырды. Клиника базасында олар профессор Билал Бозтосун қатысуымен жоспарлы және шұғыл оталарға катысып, түрлі диагностикалық зерттеулер жүргізді.

Созылмалы жүрек жетіспеушілігі және жіті коронарлы синдром, туа біткен жүрек ақауларына, жүрек ырғағы бұзылысына, КАГ коронарографиялык зерттеулерді диагностика және емдеу мақсатында стент орнатуға қатысты.

Жүрек тамырларына стент орнатудың жаңаша әдіс-тәсілдерін үйреніп келді. Алдағы уақытта аймақ дәрігерлері үйренгендерін өз іс-тәжірибелерінде пайдаланатын болады.

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support