Жамбыл облысының дәрігерлері Түркияда біліктіліктерін арттырып келді
Жамбыл облысының дәрігерлері Түркияда біліктіліктерін арттырып келді
Яғни, облыстық көпбейінді, қалалық көпбейінді, облыстық көпбейінді балалар ауруханасы, Талас, Шу, Меркі, Жуалы және Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханаларының дәрігерлері оқыды. Дәрігерлер күнделікті “МEDIPOL” клиникасының нейрохирургия және кардиология, кардиохирургия бөлімдерінде біліктіліктерін арттырды. Клиника базасында олар профессор Билал Бозтосун қатысуымен жоспарлы және шұғыл оталарға катысып, түрлі диагностикалық зерттеулер жүргізді. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі және жіті коронарлы синдром, туа біткен жүрек ақауларына, жүрек ырғағы бұзылысына, КАГ коронарографиялык зерттеулерді диагностика және емдеу мақсатында стент орнатуға қатысты. Жүрек тамырларына стент орнатудың жаңаша әдіс-тәсілдерін үйреніп келді. Алдағы уақытта аймақ дәрігерлері үйренгендерін өз іс-тәжірибелерінде пайдаланатын болады.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі