- Advertisement -

Таразда Көрісу күні аталып өтті

70

- Advertisement -

14 наурыз –  Көрісу күніне орай Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық Мәдениет үйінің алаңшасында арнайы іс-шара өтті. Жиынға қала әкімі Бақытжан Орынбеков қатысты.

Мерекелік мәнге ие болған атаулы күннің маңызын өңірдегі қолөнер шеберлерінің көрмесі мен сауда-саттық жәрмеңкесі көріктендіре түсті.

Шара барысында көпшілік қол алысып құшақтасып, бір-бірлеріне ақ тілектерін жаудырса, қариялар ақ баталарын берді.

Жиналған халық «Дулати» халықтық студенттік жастар театрының театрландырылған қойылымын  тамашалады. Сонымен қатар ұлттық ойындар да көрініс тауып, асық ату, ләңгі тебуден жарыстар ұйымдастырылды.

Мерекелік шара өңір өнерпаздарының ән шашуымен тәмамдалды.

Айта кетейік, ежелден келе жатқан ата салтымыз бойынша осы Көрісу күні  қыстан аман-есен шыққан жұршылық, ағайын туыс, сағынысып, көрісіп, амандық-саулық сұрасатын болған. Жастар үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнайды. Бұл – нағыз береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы саналады.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support