- Advertisement -

Су қоймалары мен бөгеттер қатаң бақылауда

267

- Advertisement -

Бүгінгі таңға «Жамбыл су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде 113 су қоймасы мен бөгеттер тіркелген, оның ішінде 76 су қоймасы болса, 37-сі су бөгеттері.

2022 жылы мекеменің теңгеріміне қосымша 8 су қоймасы алынды. «Жамбыл-Жуалы» аудандық бөлімшесіне қарасты 32 су қоймасы; «Байзақ» аудандық бөлімшесіне – 29 су қоймасы; «Талас-Сарысу» аудандық бөлімшесіне – 16 су қоймасы; «Меркі – Т.Рысқұлов» аудандық бөлімшесіне – 28 су қоймасы; «Қордай-Шу- Мойынқұм» аудандық бөлімшесіне – 8 су қойма.

Жалпы жобалық сыйымдылығы 136,617 миллион текше метрді құрайды, 24 ақпанға нақты жинақталған су көлемі – 56,88 миллион текше метрді құрайды (42 пайыз). Вегетациалық кезеңге дейін шамамен 116-118 миллион текше метр (86 пайыз) су жинау болжамданып отыр.

Мекеме теңгеріміндегі 60 су қоймасы мен бөгеттері каналдарымен, қалған 53-і еріген қар, жерасты сулары және өзендермен толтырылады.

Бөлімше басшылары мен инженер-гидротехниктер және су бақылаушыларға су қоймалары мен бөгеттері бекітіліп берілген.

Қысқы-көктемгі су тасқынының алдын алу іс- шаралары тұрақты жүргізіліп келеді, мекеменің бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сай, қызметкерлер су қоймалары мен бөгеттердің гидротехникалық құрылғыларының техникалық жағдайына тексеру-зерделеу жұмыстарын кезең- кезеңімен жүргізуде.

Су қоймаларының сыйымдылығы, судың келіп-кетуін реттеу, қоқыстан, мұздан тазарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Мерзімдік су деңгейінің көтерілуіне байланысты, су реттеу жұмыстары қатаң түрде қадағаланып отыр.

Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында жергілікті аудан әкімдіктерімен, төтенше жағдайлар мен басқа да құзырлы мекемелермен тығыз байланыста жұмыс атқарылуда. Мекеме аудан әкімдіктерімен бірлесіп құлақтандыру схемасын бекітті, су басу қаупі кезінде кезекшілік ұйымдастырылған. Су қоймаларының техникалық жағдайлары және келіп-кетіп жатқан судың мөлшері жайлы мәлімет тиісті органдарға уақтылы берілуде.

Мекеменің аудандардағы бөлімшелері қажетті құрал-жабдықтармен қамтылды (дәнекерлеу аппараты, мотопомпа, электрогенераторлар, болгарка, шынжырлы ара, капшықтармен мың дана және құрал-саймандар: күрек, балта, багор, белтемір, қайла, рәзіңке етіктер, су өтпейтін комбинезондар және тағы басқалар). Құрамында 16 адам тиісті техникамен қамтамасыз етілген жедел әрекет ету тобы құрылды (НИВА және ГАЗ-САЗ, КАМАЗ жүк автокөліктерімен, трактор, экскаватор, фронталды тиегіш).

Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында комиссия құрамында «Жамбыл су қоймалары» КММ, Төтенше жағдайлар департаменті, Шу- Талас бассейндік инспекциясы, «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы, аудандар әкімдіктері өкілдері бар облыс аумағында су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлар туындауы мүмкін су шаруашылығы нысандардын техникалық жағдайына тексеру жүргізілді.

Қазіргі таңда Меркі, Талас, Т.Рысқұлов, Шу аудандары бойынша су қоймаларының жағдайы қанағаттанарлықсыз екені анықталып, биыл ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. (Меркі ауданы: Аспара-1, Ақермен-1, Ақермен-2; Талас ауданы: Бөлекқызыл, Ойық, Жәдік; Т.Рысқұлов ауданы: Бәйтелі).

Анықтама:

Меркі ауданы: Мекеме теңгеріміндегі Маханды-1, Кеңес, СТФ, Ленинжол, Шубай, Аспара-2 су қоймаларының жағдайы қанағаттанарлық; Аспара-1, Ақермен-1, Ақермен-2 су қоймаларының техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз, ағымдағы жөндеуді қажет етеді (2023 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі).

Қордай ауданы: Мекеме теңгеріміндегі Ешкілі Қордай, Майбұлақ, Алты айғыр су қоймаларының жағдайы қанағаттанарлық.

Талас ауданы: Мекеме теңгеріміндегі Қызыләуіт, Тамды, Юбилейное, Алтынкөл су қоймаларының жағдайы қанағаттанарлық; Бөлекқызыл – 16 миллион текше метр, Ойық – 3,5 миллион текше метр, Жәдік – 2,0 миллион текше метр, техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз, ағымдағы жөндеуді қажет етеді (2023 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі).

Т.Рысқұлов ауданы: Мекеме теңгеріміндегі Шілік, Аққайнар, Белогорка, Разъезд-98, Әлденбай су қоймаларының жағдайы қанағаттанарлық, су қоймалары ағымды жағдайда (проточность) жұмыс істеп тұр. Бәйтелі су қоймасының техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз, ағымдағы жөндеуді қажет етеді (2023 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі).

Шу ауданы: Мекеме теңгеріміндегі Ақсу, Сарғау, Бұланбай, Алтай су қоймаларының жағдайы қанағаттанарлық.

Жамбыл, Байзақ аудандарында үстіміздегі жылы 15 ақпанда комиссия тобы осы аудандарда орналасқан су қоймалардың техникалық жағдайына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Барлық су қоймалардың жағдайы қанағаттанарлық. Қауіпсіздік жағдайын сақтау мақсатында су қоймалардағы судың деңгейін 50 пайыздан асырмауда, кейбір су қоймаларда судың деңгейі 70-80 пайыз, бұл су қоймалары ағыс режимінде істеп тұр. Су қоймалар елді мекендерге, шаруа қожалықтарына және басқа да құрылымдарға, тасжолға қауіп-қатер төндіріп тұрған жоқ. Зерделеу жұмыстары жалғасуда.

Су тасқынының алдын алу, суармалы егіс алқабын ұлғайту жөніндегі іс-шараларды іске асыру, вегетациялық кезең ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарын уақтылы суаруды қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын су қоймалары мен бөгеттерге ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

2021 жылы 7 су қоймасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 2022 жылы апатты жағдайда тұрған 6 су қоймасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (Жамбыл ауданындағы «Таскөл», «Бөгет-5»; Байзақ ауданындағы «Жиеналы», «Новое»; Т.Рысқұлов ауданындағы «Аққайнар», «Шілік» су қоймалары).

Сонымен қатар, мекеменің өз күшімен 9 су қоймаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (жоспар бойынша 6 су қойма).

(Байзақ ауданы–«Райымбек», «Келтеқара»,«Аққүмбез»; Жамбыл ауданы – «Сеңгірбай», «Бөгет-7», «Пионер»; Жуалы ауданында орналасқан «Көктөбе-1», «Көктөбе-2»; Талас ауданы – «Тамды»).

Бұдан басқа, 2022 жылы мекемеге қарасты 10 гидротехникалық құрылымдарға (54,7 миллион теңгеге) көпфакторлы зерделеу жұмыстары жүргізілді (Жамбыл ауданы «Таскөл», «Бөгет-5»; Меркі ауданы «Маханды-1», Андас с/о«Аспара-1», Аспара с/о «Аспара-1», «Аспара-3», «Аспара-4», «Ақермен-1», «Ақермен-2»; Талас ауданы «Қарашат»), (мердігер «Қазгипроводхоз» кооперативі).

Нәтижесінде, су қоймаларының жағдайы қанағаттанарлықсыз екені анықталып, екі су қоймасында (Жамбыл ауданы «Таскөл», «Бөгет-5») жөндеу жұмыстары жүргізілді, қалғандарына биыл жүргізіледі.

Жалпы, апатты жағдайда тұрған 23 су қоймасынан 2021 жылы 7 су қоймасына, 2022 жылы 11 су қоймасына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қалған 5 су қоймасына 2023 жылға жоспарланды (Меркі ауданы: «Аспара-1», «Ақермен-1», «Ақермен-2», «Маханды-1»; Т.Рысқұлов ауданы: «Бәйтелі»). Осылайша, бұрын мәлімделген апатты су айдындары техникалық жарамды күйге келтірілетін болады.

2023 жылы 10 су қоймасында 74,6 миллион теңге сомасында ағымдағы жөндеу жоспарланған (Байзақ ауданы «Шапаваловское-1»,«Воинское»; Меркі ауданы: «Аспара-1», «Ақермен-1», «Ақермен-2», «Маханды-1»; Т.Рысқұлов ауданы: «Бәйтелі»; Талас ауданы «Ойық», «Жәдік», «Бөлекқызыл»).

Қазіргі таңда 7 су қоймаға ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша (Байзақ ауданы: «Воинское»; Меркі ауданы: «Аспара-1», «Ақермен-1», «Маханды-1»; Талас ауданы «Ойық», «Жәдік», «Бөлекқызыл») Мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде, сондай- ақ, 5 су қойма бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде (Жамбыл ауданы: «Көкішкөл», Меркі ауданы: «Көлтоған», Сарысу ауданы: «Қаратас», «Әбдірәсіл», «Дулатбай»). (мердігер — «Проектная группа «НЕО» ЖШС).

Сонымен қатар, көпфакторлы зерттеу жүргізу жұмыстары 10 су қоймасында жалғасады, облыстық бюджеттен 59,5 миллион теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. (Жуалы ауданы: «Дарбаза»; Меркі: «Көлтоған»; Талас: «Бөлекқызыл», «Қызыләуіт»; Шу «Ақсу», «Сарғау»; Байзақ «Жиеналы», «Воинское», «Сарыбалдақ», «Шапаваловское-1»).

Сонымен қатар, 2022 жылы Қордай ауданы тұрғындармен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар Бекітілісінің Қызылсай ауылына су қоймасын салу мәселесін жан-жақты зерделеп, ұсыныс енгізу туралы тапсырмаға сәйкес ағымдағы жылы су қоймасына ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде (мердігер — «BS SK PROJECT 2030», 2,352 миллион теңге).

Бүгінгі күнге мекеме тарапынан көктемгі селге қарсы бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Талас ауданы, «Қызыләуіт» су қоймасының дамбысы 1980 текше метр инертті материалдармен нығайтылды; Бесағаш арнасын «Шабақты» су қоймасына және Қарой аулына қауіп төндірмес үшін Көктал өзенінің арнасына бұрылды; «Тамды» су қоймасына қауіп төндірмес үшін Меркібай кіріс каналаның арнасы Тамды өзеніне бұрылды және Тамды ауылдық округі әкімінің сұранысы бойынша Ақкөл-Қаратау тасжолына қауіп төндірмес үшін «Көкиық» каналының арнасы бекітілді; Меркі ауданында орнаналсқан «Кенес» су қоймасының күншығыс беткейіндегі дамбысының 80 текше метрі тау тастарымен қаланып, нығайтылды, «Кенес» су қоймасының 2 шлюзін және «Ақермен-1» су қоймасының 1 шлюзіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

Нарбай ЕРГЕБЕКОВ,

«Жамбыл су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support