75 жасында чемпион атанды
75 жасында чемпион атанды
Ерлер арасында жамбылдық 75 жастағы ақсақал Абдурашид Әлімханов алтыннан алқа тағынды. Ол жартылай финалда Абай облысынан келген Болат Қабыжановты ұтса, шешуші кезеңде керекулік Әмір Өтениязовты қапы қалдырды. Сондай-ақ, қыздар арасында жамбылдық Диана Сұлтанбек күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол шымкенттік Сабина Асқарға ғана жол берді.
Қыздар арасында қола жүлде әулиеаталық Лора Ахметоваға бұйырды. Осылайша, жамбылдық шахматшылар командалық есепте алдыңғы қатардан көрінді. Бұл жарыс туралы көру қабілеті төмен ересектер арасында бас бапкер Гүлнар Пәрімбекова: « Ел чемпионатында жеңіске жету – жақсы нәтиже. Дегенмен, алдағы Азия чемпионатына облысымыздан спортшы бармайды. Себебі, жастар жағы алтын жүлдеге қол жеткізе алмады.
Ал алтыннан алқа тағынған 75 жастағы Абдурашид Әлімханов қарттық жағдайына, ұзақ жолды көтере алмауына байланысты Азия чемпионатынан шет қалып отыр. Алдағы уақытта бұдан да жоғары нәтижелер үшін тер төгеміз» деп пікірін білдірді.
Есет ДОСАЛЫ