- Advertisement -

Ақниет пен Раушан алтын жүлде алды

148

- Advertisement -

Семей қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер және кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Осы жарыста 3 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшы-оқушысы Ақниет Сәбитбек те бақ сынаған болатын.

Ол 60 килограмм салмақта боз кілемге шығып, қарсыласының бәрін ұтты. Осылайша, алтыннан алқа тағынды. «Бұл жарысқа әр өңірден мықты балуандар жиналды. Бәрінің де чемпион болсам деген ниеттері болды. Дегенмен, Ақниет өзінің еңбекқорлығының арқасында және бапкерінің ақылына құлақ аса отырып, жеңімпаз атанды», дейді оның жеке жаттықтырушысы Ермекбай Оразалы.

Талдықорған қаласында қол күресі спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаты да мәре сіне жетті. Еліміздің 12 облысынан қатысқан спортшылардың арасында №3 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшы-оқушысы Раушан Жаналиева 90 килограмм салмақ дәрежесінде чемпион атанды. «Раушан бұл жарысқа өте тиянақты дайындалды. Оның алдағы уақытта халықаралық жарыстарда топ жаруына да мүмкіндігі бар. Тек ерінбеуі қажет», дейді жеке бапкері Ескендір Рысбеков.

Аталған чемпиондарды мектеп басшысы Мият Мухумов қабылдап, құрмет көрсетті. Енді Ақниет пен Раушан халықаралық деңгейдегі жарыстардан олжа салуды көздейді.

 

Есет ДОСАЛЫ

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support