- Advertisement -

Тараз – таза қала

295

- Advertisement -

Қоршаған ортаның тазалығы – әрбір азаматтың басты міндеті. Жер-Ананың әрбір тал-дарағы мен көгерішіне жауапкершілікпен қарауды мақсат тұтып, тазалықты жанына серік еткен шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков бастаған қала әкімі аппаратының қызметкерлері мен «Жасыл ел» мекемесінің жұмысшылары санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың екі айлығына сәйкес, сенбілік шарасына белсене араласты. Саябақ, скверлерге, арнайы бекітілген аймақтарға түрлі ағаш көшеті отырғызылды.

– Өткен аптадан бері сенбілікке қатысушылардың саны артып келеді. Бұл, әрине, құптарлық іс. Қала бәрімізге ортақ болғандықтан, әрбір тұрғын оның тазалығына жауапты екенін де ұмытпауы керек деп ойлаймын. Жалпы, биыл қала бойынша 15 мың көшет отырғызу жоспарда бар. Оның 7 мыңнан астамы көктемде, қалғаны күзде егілетін болады. Сондықтан, барша жерлестерді аталған тазалық акциясына жұмыла атсалысуға шақырамын! – деді Бақытжан Орынбеков.

Олар Айша бибі көшесінің бойына 250 түп ерен, 53 түп қарағай ағаштарын отырғызды. Бұдан бөлек, әрбір округке 740 түп жеміс ағашы, Жамбыл даңғылының бойы мен «Тонкуруш» алабына 22 түп туя, 120 түп қарағай ағашы егілді.

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support