- Advertisement -

Жуалы ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды

313

- Advertisement -

Жуалы ауданы әкімінің 2023 жылғы 13 наурыздағы өкімімен Балтабаев Нұрбақыт Айдарханұлы Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Амансай ауылында 1990 жылы 24 тамызда дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі-жоғары.

2012 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2012 жылы тамыз айында Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде жастар тәжірбиесі бойынша қызметкері болып бастаған.

11.2012-03.2013 жылдары Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

03.2013-07.2013 жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратының кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы.

2013-2017 жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің бас маманы.

06.2017-12.2017 жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратында аудан әкімінің бас инспекторы

2017 жылдың желтоқсанынан бастап бүгінгі күнге дейін Жуалы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің басшысы лауазымында еңбек етіп келді.

 

Жуалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support