- Advertisement -

Алдағы парламенттік сайлауды ЕҚЫҰ-ның 400-ден астам өкілі бақылайды

87

- Advertisement -

Алдағы парламенттік сайлауды бақылау үшін ЕҚЫҰ-дан Қазақстанға 400-ден астам бақылаушы келеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, бұл халықаралық бақылаушылардың ең ірі миссиясы. Өткен аптада ЕҚЫҰ миссиясының аралық есебі шықты, онда халықаралық сарапшылар Қазақстанда жүзеге асырылған сайлау жүйесінің реформасына оң баға берді. ЕҚЫҰ-дан осы сайлауға ЕҚЫҰ ДИАҚБ бақылаушылар миссиясының басшысы ретінде ирландиялық саясаткер Оуэн Мерфи, бюро директоры Маттео Мекаччи, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы делегациясының басшысы ретінде австриялық депутат Райнхольд Лопатка, ЕҚЫҰ қысқа мерзімді бақылаушылар миссиясының басшысы ретінде Кипр Республикасының депутаты Ирен Хараламбидес және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Маргарет Седерфельт сияқты жоғары дәрежелі халықаралық шенеуніктер келетінін атап өтуге тұрарлық, деді ҚР СІМ басшысының орынбасары.

«ЕҚЫҰ тарапынан мұншалық назар аударылуы – Қазақстанның осы ұйыммен белсенді әрі нысаналы жұмысының нәтижесі, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Әділетті Қазақстан құру мақсатында жүргізіліп отырған еліміздегі ауқымды реформаларға халықаралық қоғамдастық тарапынан үлкен қызығушылық пен қолдаудың бар екенінің дәлелі», — деп санайды Роман Василенко.

Орталық коммуникациялар қызметі 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support