Президент жүз жасаған соғыс ардагері Иван Гапичпен және 96 жастағы өлкетанушы Жайсаң Ақбаймен кездесіп, әңгімелесті
Президент жүз жасаған соғыс ардагері Иван Гапичпен және 96 жастағы өлкетанушы Жайсаң Ақбаймен кездесіп, әңгімелесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс ардагері Иван Гапичтің үйіне барып, 100 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Президент оның өмір жолы халыққа қызмет етудің, ерен еңбектің, отансүйгіштіктің жарқын үлгісі саналатынын атап өтті.
Иван Гапич 1923 жылы Ақмола облысында дүниеге келіп, Алматыда білім алған. Ол майдан даласында Польшаны, Чехословакияны, Украинаны азат етуге қатысты. Соғыстан кейінгі жылдары прокуратура органдарында қызмет атқарып, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында ұзақ жыл еңбек етті. Сонымен қатар Президент 96 жастағы жергілікті өлкетанушы, мәдениет қайраткері Жайсаң Ақбаймен де әңгімелесті.
Жайсаң Ақбай Батыс Қазақстан облысының білім және мәдениет салаларында ұзақ жыл еңбек еткен. Сондай-ақ ол өңірде өлкетанушылық қызметімен танымал. Соғыс ардагері Иван Гапич пен еңбек ардагері Жайсаң Ақбай Президентке алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
Akorda kz.